Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2019
Синхрондық жаппай жаттығу шарасы өтті

2019 жылдың 14 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраеваның қатысуымен, Алматы көпсалалы колледжінің аумағында, Алматы қаласы күніне орай, спорттық шара ұйымдастырылды. 


Өткізілген шараға мыңнан астам, ауданның жоғарғы, орта және арнаулы оқу орындарының студенттері мен ардагерлер қауымдастығы, оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы жиналып, синхронды орындауда дене шынықтыру жаттығуларын жасады. 


Дастан Қайратұлы қатысушыларды Қала күнімен құттықтады. Ол ауданда мұндай іс-шараны ұйымдастыру дәстүрге айналып отырғанын атап кетті. «Жыл сайын, Қала күні мерекесі қарсаңында, кәрі-жасымызға қарамастан, осы жерге жиналып дене шынықтыру жаттығуларын өткізіп отырмыз. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ұдайы дене шынықтырмен айналысуға баулу. Мұндай шаралар нашақорлық пен есіркі бизнесінің алдын алу мақстында да ұйымдастырылады. Дені сау болу – кез келген жастағы адамның өмірлік ұстанымы, адамның әлеуметтік психологиялық сәттілігінің кепілі», - деп атап кетті.



14.09.2019