Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2018
Аудан активі Елбасының Жолдауын талқылады

2018 жылдың 11 қазаны күні, Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаевтың қатысуымен, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нәйля Ордабаеваның төрағалығымен, Қазақ қатынас жолдары университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау бойынша Әуезов ауданының активі өтті. 


Шараға Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, Әуезов ауданы әкім аппаратының бөліс басшылары, аудандық қызметтердің, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің бастықтары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының, бизнес құрылымдарының өкілдері және ардагерлер қауымдастығы қатысты. 


Шара барысында Әнуар Өскенбаев Жолдаудың негізгі басым бағыттары, ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы, алда атқарылатын міндеттер туралы сөз қозғады. Ол Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұрақтылық, бірлік пен келісім сынды салиқалы саясаттың арқасында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мемлекеттің әлеуметтік шығындарды арттырғанын атап өтті. 


Президент Жолдауының басты бағыттарының бірі көлеңкелі айналымды 40 %-ға қысқарту. Қазіргі кезде Алматы экономикасының 80 %-дан астамы – сауда мен қызмет көрсету. Елбасы бастамасының маңызды бөлігі ең аз жалақыны көтеру болып табылады. Тек Алматының өзінде ғана алдын- ала есептеу бойынша бұл мәселе 25 мыңнан астам адамды қамтиды екен. 


Жиынды қорытындылай келе, Әнуар Өскенбаев Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында, аудандық ақпараттық-насихат тобының жұмысын күшейтіп, аудан аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына ауданның әр тұрғынына Жолдаудағы негізгі басымдылықтарды жеткізуді тапсырды.

11.10.2018